• RUB:
    4.98
  • USD:
    516.93
  • EUR:
    542.52
Басты сайтқа өту
22 Қазан, 2016

Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігінің бұйрығы  №493

212 рет
көрсетілді

  2015 жылғы 28 сәуір, Астана қаласы Ғарышкерлікке кандидаттарды іріктеу және ғарышкерлікке кандидат, ғарышкер мәртебесін беру қағидаларын бекіту туралы «Ғарыш қызметi туралы» 2012 жылғы 6 қаңтардағы Қазақстан Республикасы Заңының 9-бабы 1-тармағының 5) тармақшасына сәйкес бұйырамын: 1. Қоса берiлiп отырған Ғарышкерлікке кандидаттарды іріктеу және ғарышкерлікке кандидат, ғарышкер мәртебесін беру қағидалары бекiтiлсiн. 2. Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігінің Аэроғарыш комитеті (Т.А. Мұсабаев): 1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттiк тiркелуін; 2) осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін күнтізбелік он күн ішінде оның көшірмесін мерзімді баспа басылымдарында және «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде ресми жариялау үшін жіберуді; 3) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігінің интернет-ресурсында және мемлекеттік органдардың интранет-порталында орналастырылуын; 4) осы бұйрық Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттiк тiркелгеннен кейін 10 жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігінің Заң департаментіне осы бұйрықтың 2-тармағының 1), 2) және 3) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді ұсынуды қамтамасыз етсiн. 3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Инвестициялар және даму вице-министріне жүктелсін. 4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі. Қазақстан Республикасының Инвестициялар және даму министрі Ә.ИСЕКЕШЕВ «КЕЛІСІЛДІ» Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрі _____________ Т. Дүйсенова 2015 жылғы 29 мамыр Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің 2015 жылғы 28 сәуірдегі № 493 бұйрығымен бекітілген Ғарышкерлікке кандидаттарды іріктеу және ғарышкерлікке кандидат, ғарышкер мәртебесін беру қағидалары 1. Жалпы ережелер 1. Осы Ғарышкерлікке кандидаттарды іріктеу және ғарышкерлікке кандидат, ғарышкер мәртебесін беру қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) «Ғарыш қызметі туралы» 2012 жылғы 6 қаңтардағы Қазақстан Республикасы Заңының (бұдан әрі – Заң) 9-бабы 1-тармағының 5) тармақшасына сәйкес әзірленді және ғарышкерлікке кандидаттарды іріктеуді және ғарышкерлікке кандидат, ғарышкер мәртебесін беруді жүзеге асыру тәртібін айқындайды. 2. Ғарышкерлікке кандидаттарды іріктеу тәртібі 2. Ғарышкерлікке кандидаттарды іріктеуді ғарыш қызметі саласындағы уәкілетті орган (бұдан әрі – уәкілетті орган) ағымдағы және перспективалық ұшқыш басқаратын бағдарламалардың қажеттіліктерінен туындайтын ұшқыш басқаратын ғарыш аппараттарында ұшуға дайындық үшін жүргізеді. 3. Ғарышкерлікке кандидаттарды іріктеуді ұйымдастыру және жүргізу үшін уәкілетті орган жанынан арнайы комиссия (бұдан әрі – Комиссия) құрылады. Комиссия ғарышкерлікке кандидаттарды іріктеуді жүргізу кезеңінде әрекет етеді. 4. Комиссия Ғарышкерлікке кандидаттарды іріктеудің мерзімін, басталуы мен аяқталуын белгілейді. 5. Комиссияның құрамына ғарышкерлікке кандидаттарды іріктеуге қатысушы кіре алмайды. 6. Ғарышкерлікке кандидаттарды іріктеуге келесі талаптар қойылады: 1) Қазақстан Республикасының жасы 18-ге толған және 40-тан аспаған азаматы болуы; 2) жоғары білімінің болуы тиіс. Сот шешімі бойынша заңды күшіне енген іске қабілетсіз немесе іске қабілеті шектеулі деп танылған, сондай-ақ осы тармақпен белгіленген талаптарға сәйкес келмейтін азаматтар ғарышкерлікке кандидаттарды іріктеуге қатысуға жіберілмейді; 7. Комиссия осы Қағидаларға сәйкес іріктеу басталғанға дейін бір ай ішінде мерзімді баспа басылымдарында, сондай-ақ уәкілетті органның интернет-ресурсында ғарышкерлікке кандидаттарды іріктеу туралы хабарландыру орналастырады. Іріктеуді жүргізу туралы хабарландыру мынадай мәліметтерді қамтуы тиіс: 1) іріктеудің жүргізілетін күні мен орны; 2) іріктеуге қатысушыларға қойылатын талаптар; 3) іріктеуге қатысу үшін құжаттар қабылдаудың басталған және аяқталған күні. Іріктеуге қатысу үшін құжаттар қабылдау ғарышкерлікке кандидаттарды іріктеу басталған күнінен бастап күнтізбелік он бес күн өткен соң аяқталады. 8. Іріктеуге қатысу үшін келесі құжаттарды ұсыну қажет: 1) уәкілетті орган басшысының атына еркін нысанда жазылған өтініш; 2) осы Қағидаларға қосымшаға сәйкес нысан бойынша толтырылған сауалнама; 3) түйіндеме; 4) еркін нысанда жазылған өмірбаян; 5) жоғарғы білімі туралы құжаттардың нотариат куәландырған көшірмелері; 6) жеке басын куәландыратын құжаттың көшірмесі; 7) № 086/У нысандағы медициналық анықтама; 8) психоневрологиялық және наркологиялық диспансерлердің анықтамалары. 9. Ғарышкерлікке кандидаттарды іріктеуге қатысуға тілек білдірген азаматтардан құжаттар қабылдауды, тіркеуді және сақтауды уәкілетті орган жүзеге асырады. Іріктеуге қатысушылардың осы Қағидалардың 6-тармағына және ұсынылатын құжаттар 8-тармақтың талаптарына сәйкес келмеген кезде, уәкілетті орган ғарышкерлікке кандидаттарды іріктеуге қатысушыдан құжаттарды қабылдаудан бас тартады және құжаттар пакеті қабылданғаннан кейін үш жұмыс күні ішінде жазбаша түрде дәлелді жауап беріледі. 10. Уәкілетті орган іріктеуге қатысушылардың осы Қағидалардың 6 және 8-тармақтарына сәйкес келетін құжаттарын Комиссия қарауына жолдайды. Ұсынылған құжаттар негізінде Комиссия тұлғаның ғарышкерлікке кандидаттарды іріктеуге қатысу үшін жіберілгендігі туралы құжаттарды қабылдау аяқталған соң, бес жұмыс күн ішінде шешім қабылдайды. 11. Ғарышкерлікке кандидаттарды іріктеуге қатысуға жіберілген тұлғалардың тізімі бекітілгеннен күнінен бастап, Комиссия ұсынылған құжаттарды күнтізбелік он күн ішінде қараудан кейін ішінде қатысушылармен әңгімелесу өткізеді. 12. Комиссия қатысушылармен әңгімелесу жүргізген кезде Заңды білуін тексереді, сондай-ақ қатысушылардың жалпы білім деңгейі мен білгірлігін айқындайды. 13. Комиссияның шешімі ашық дауыс беру арқылы Комиссия мүшелерінің жалпы санының жай көпшілік даусымен қабылданады. Дауыстар тең болған кезде Комиссия төрағасы берген дауыс шешуші болып табылады. Комиссия отырысы Комиссия мүшелерінің жалпы санының кемінде үштен екісі қатысқанда заңды деп саналады. Комиссияның ғарышкерлікке кандидаттарды іріктеуге қатысушылары туралы шешімі хаттама түрінде ресімделеді, оған Комиссияның барлық мүшелері мен Комиссия хатшысы қол қояды. 14. Комиссияның ғарышкерлікке кандидаттарды іріктеуге қатысушылары туралы шешімі негізінде уәкілетті органмен жасалған шарттар мен келісімдерге сәйкес уәкілетті орган қатысушыларды ғарышкерлерді даярлау орталықтары жүргізетін медициналық тексеруге жолдайды. 15. Іріктеу рәсімдері аяқталғаннан кейін Комиссия ғарышкерлікке кандидаттарды іріктеуге қатысушылармен жүргізілген әңгімелесу, медициналық тексеру нәтижелерін талдауды жүзеге асырады және ғарышкерлікке кандидаттарды іріктеу нәтижелері бойынша он күн ішінде уәкілетті органға жолданатын қорытындыны қабылдайды. 16. Уәкілетті орган Комиссия ұсынған қорытындыны күнтізбелік он күн ішінде қарайды және ғарышкерлікке кандидаттардың тізімін бекіту туралы шешім қабылдайды. 17. Уәкілетті органның іріктелген кандидаттар және ғарышкерлікке кандидаттарды іріктеу шарттарынан өтпеген кандидаттар бойынша шешімі уәкілетті органның интернет-ресурсында жарияланады. Ғарышкерлікке кандидаттарды іріктеуден өткен, ғарышкерлікке кандидаттарды іріктеуге қатысушыларға күнтізбелік он күн ішінде уәкілетті орган бекіткен ғарышкерлікке кандидаттар тізімімен қоса хат жіберіледі. Осы Қағидалардың 15 тармағының талаптары бойынша ғарышкерлікке кандидаттарды іріктеуден өтпеген, ғарышкерлікке кандидаттарды іріктеуге қатысушыларға күнтізбелік он күн ішінде уәкілетті орган шешімінің хаттамасымен қоса дәлелді бас тарту жіберіледі 3. Қазақстан Республикасының ғарышкерлігіне кандидат мәртебесін беру тәртібі 18. Қазақстан Республикасының ғарышкерлігіне кандидат мәртебесі уәкілетті органның ұсынуы бойынша Қазақстан Республикасы Үкіметінің шешімімен осы Қағидалардың 2-ші бөлімі белгілеген тәртіппен ғарышкерлікке кандидаттарды іріктеуден өткен және ғарышкер біліктілігін алу үшін даярлыққа жіберілген тұлғаларға беріледі. 19. Уәкілетті орган Қазақстан Республикасының Үкіметіне ғарышкерлікке кандидаттардың тізімін ол бекітілген сәттен бастап бір ай ішінде Қазақстан Республикасының ғарышкерлігіне кандидат мәртебесін беру туралы ұсыныспен қоса ұсынады. 20. Қазақстан Республикасының Үкіметі Қазақстан Республикасының ғарышкерлігіне кандидат мәртебесін беру туралы ұсынысты қарайды және аталған тұлғаларға Қазақстан Республикасының ғарышкерлігіне кандидат мәртебесін беру туралы шешімді қабылдайды. 21. Уәкілетті орган Қазақстан Республикасы Үкіметінің Қазақстан Республикасының ғарышкерлігіне кандидат мәртебесін беру туралы шешім қабылдаған сәттен бастап бір ай ішінде ғарышкерлікке кандидаттарды іріктеуден өткен тиісті тұлғаларға Қазақстан Республикасы Үкіметінің тиісті шешімі туралы хат түрінде хабарлайды. 4. Қазақстан Республикасының ғарышкері мәртебесін беру тәртібі 22. Қазақстан Республикасының азаматы Қазақстан Республикасының ғарышкері мәртебесін алу үшін уәкілетті органға мынадай құжаттарды: 1) Қазақстан Республикасының ғарышкері мәртебесін беру туралы еркін нысанда жазылған өтінішті; 2) нотариат куәландырған ғарышкерлерді даярлау орталықтары беретін ғарышкердің біліктілігін куәландыратын құжаттың көшірмесі ұсынуы тиіс. 23. Қазақстан Республикасының ғарышкері мәртебесі Қазақстан Республикасы Үкіметінің шешімімен, уәкілетті органның ұсынысы бойынша ғарышкерлерді даярлау орталықтарында жалпы ғарыштық даярлау курстарын аяқтағандығы жөнінде ғарышкер куәлігін алған Қазақстан Республикасының азаматтарына беріледі. Уәкілетті орган Қазақстан Республикасы ғарышкерлерінің қажетті санын ағымдағы және перспективалық ұщқыш басқаратын бағдарламалардың қажеттілігі негізінде ұшқыш басқаратын ғарыш аппараттарының барлық типтерінде ұшуға дайындық үшін қарайды және белгілейді. 24. Уәкілетті орган Қазақстан Республикасының азаматынан өтінішті алған сәттен бастап күнтізбелік он бес күн ішінде Қазақстан Республикасы Үкіметінің тиісті шешімінің жобасымен қоса, оған Қазақстан Республикасының ғарышкері мәртебесін беру туралы Қазақстан Республикасының Үкіметіне ұсыныс енгізеді. 25. Қазақстан Республикасының Үкіметі Қазақстан Республикасының ғарышкері мәртебесін беру туралы ұсынысты қарайды және аталған тұлғаға Қазақстан Республикасының ғарышкері мәртебесін беру туралы шешім қабылдайды. 26. Уәкілетті орган Қазақстан Республикасы Үкіметінің Қазақстан Республикасының ғарышкері мәртебесін беру туралы шешім қабылдаған сәттен бастап бір ай ішінде аталған тұлғаға Қазақстан Республикасы Үкіметінің тиісті шешімі туралы хат түрінде хабарлайды. Ғарышкерлікке кандидаттарды іріктеу және ғарышкерлікке кандидат, ғарышкер мәртебесін беру қағидаларына қосымша Нысан ҒАРЫШКЕРЛІККЕ КАНДИДАТТЫҢ САУАЛНАМАСЫ 1. Тегі, аты, әкесінің аты: ______________________________________________ ____________________________________________________________________ ____________________________________________________________________ бұрын басқа тегі, аты, әкесінің аты болған жағдайда оларды, оларды қашан және қайда ауыстырғандығы туралы жазу 2. Туған күні, айы, жылы ______________________________________________ 3. Жынысы __________________________________________________________ 4. Туған жері _________________________________________________________ республика, облыс, елді мекен 5. Тұрғылықты (тіркелген) жері _________________________________________ индекс, республика, облыс, ____________________________________________________________________ елді мекен, көше, үй, корпус, пәтер, телефон 6. Азаматтығы ____________________________________ Егер осымен қатар басқа елдің азаматтығын иемденген болса, қай ел екендігі туралы жазу ____________________________________________________________________ 7. Негізгі құжат, жеке куәлігі, Қазақстан Республикасы азаматының паспорты сериясы _____ нөмірі ___________ «___» ___________ 20___жылы берілді ____________________________________________________________________ кім бергені көрсетілсін 8. Ғарышкерлер жасағына кіру мақсаты __________________________________ ____________________________________________________________________ 9. Білімі _____________________________________________________________ 10. Жұмыстағы кезеңіңізде (оқудағы, қызметтегі) мемлекеттік құпияларға жатқызылған аса маңызды немесе аса құпия мәліметтерге рұқсат ресімделді ме? ____________________________________________________________________ (болса, ұйымның қандай бағытында және қай жылы) 11. Шетелге шығуға кедергі болатын шарттық, келісімшарттық міндеттемелеріңіз бар ма? ____________________________________________________________________ (болса, ұйымның қандай бағытында және қай жылы ресімделген) 12. Әскери қызметке қатысы ___________________________________________ 13. Жасалған қылмыс үшін сотталдыңыз ба немесе айыпталушы ретінде шақырылдыңыз ба? ____________________________________________________________________ 14. Сот шешімімен салынған міндеттемелерден жалтарып жүрген жоқсыз ба? ____________________________________________________________________ 15. Жақын туыстар туралы мәліметтер: Тегі, аты, әкесінің аты Туған күні, айы, жылы және жері 16. Еңбек кітапшасынан соңғы 10 жылдағы еңбек қызметі туралы үзінді (оқу орындарындағы оқуы мен әскери қызметті қоса): Айы және жылы Толық көрсетілген лауазымы және жұмыс орны Министрліктер (ведомстволар) қысқартылмай көрсетілген жұмыс орындары мен лауазымдары, оның ішінде қарулы күштердің түрі мен әскери бөлімшенің нөмірі Кәсіпорын, мекеме, ұйым, әскери бөлімнің орналасқан жері (мекенжайы) Кіру Шығу ӨТІНІШТЕ ЖАЛҒАН МӘЛІМЕТТЕР ЖАЗҒАНЫМ НЕМЕСЕ ҚОЛДАН ЖАСАНДЫ ҚҰЖАТТАР ҰСЫНҒАНЫМ ҮШІН ЗАҢНАМАДА БЕЛГІЛЕНГЕН ЖАУАПКЕРШІЛІККЕ ТАРТЫЛАТЫНДЫҒЫМ ТУРАЛЫ ЕСКЕРТІЛДІМ 20__ жылғы__________ «___» (өтініш берушінің қолы) Бұйрық Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2015 жылғы 3 шілдеде Нормативтік құқықтық кесімдерді мемлекеттік тіркеудің тізіліміне №11554 болып енгізілді.